Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында тексеру жүргізіліп, екі аудан әкімі қызметінен кетті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды.

Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда.

Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды.

Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма бергенін жазған едік.

Сол кезде тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатыны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917754-prezidenttin-tapsyrmasynan-keiin-eki-akim-qyzmetinen-bosatyldy/