Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кремльде Назарбаев пен Путиннің кездесуі өтіп жатыр

Опубликовано:

Назарбаев пен Путин
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Кремльде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өз Twitter парақшасында жазды.

"Кремльде Назарбаев пен Путиннің кездесуі өтіп жатыр",- деді ол.

Еске салайық, Елбасы мен Владимир Путиннің кездесуі жайлы бірнеше күн бұрын белгілі болған еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл жаңалықтан көпшілікті Twitter желісі арқылы хабардар еткен болатын.

"Осы жылдың 30 маусымында Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың перспективалары мен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда", - деп жазған еді Айдос Үкібай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920289-kremlde-nazarbaev-pen-putinnin-kezdesui-otip-zatyr/

pixel