Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Елбасыға Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтару үшін көмектесуге уәде берді

Опубликовано:

Елбасы мен Путин
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

30 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде келіссөз жүргізді. Кездесу барысында саясаткерлер Кенесары ханның сүйегін Қазақстанға қайтару мәселесін де талқылады деп жазады ҚазАқпарат.

Нұрсұлан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың сөзінше, Елбасының Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында талқыланған мәселенің бірі Қазақ халқы үшін киелі саналатын Кенесары ханның сүйегін іздестіру және оны Қазақстанға қайтару тақырыбы болған.

Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен осы процеске көмек көрсетуін сұрады. Елбасы қазақтың соңғы ханының сүйегі өзінің туған жерінде жерленіп, рухының тыныш табуы қазақ халқы үшін аса маңызды мәселе екенін айрықша атап өтті.

Владимир Путин Тұңғыш президентке Ресей тарапының бұл мәселеде жан-жақты көмек көрсететініне сендірді.

Путиннің сөзіне қарағанда, артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елбасы тәуелсіз Қазақстанның шекарасын бекітудегі қиындықтар жайлы айтқан еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, бірнеше жылға созылған келіссөздер арқасында ел шекарасын бекіту толыққанды аяқталған.

Бұл ретте Елбасы қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық қабілетінің үлкен рөл атқарғанын айта кетті.

"Дәл осы делегацияның құрамында Тоқаев та бар болатын. Ол осы іске араласып, аталған мәселе бойынша жұмыс істей бастады. Оның жұмысы басқаларға қарағанда нәтижелі болып, артынша бір келісімге келіп, қол қойылды", - деп есіне алды Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920632-putin-elbasyga-kenesary-xannyn-suiegin-qazaqstanga-qaitaru-usin-komektesuge-uade-berdi/

pixel