Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы танымал компания қаржы пирамидасы болып шықты

Жарияланған күні:

қаржы пирамидасы11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ел жұртшылығына әлеуметтік желілер арқылы кеңінен танылған тағы бір компания қаржы пирамидасы болып шықты. Қаржы нарығын бақылаушылар құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, олардың қызметінің заңсыз екенін анықтады, деп хабарлайды Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

"Әлеуметтік желі мен ақпараттық кеңістікті мониторингтеу барысында инвестициялық қызметтен жоғары кіріс алуға уәде бере отырып, өз қызметін белсенді жарнамалайтын "Finiko" компаниясы анықталды", - делінген ресми хабарламада.

Агенттік мамандары осы ұйымның Instagram желісіндегі аккаунттарын да жариялады.

"Finiko пайдаланушыларға "Сyfron Sapital OÜ" платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады.

Мамандардың айтуынша, аталғн компания "жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы" болып шыққан.

СYFRON (CFR) есептеулер жүргізілетін криптовалюта ресми валюта еместігі және оның қаржылық жағынан еш құндылығы жоқ екенін анықтаған. Осылайша, пайдаланушылар ақшаны нақты инвестициялық компанияға емес, оның жалған үлгісіне салып жүргені белгілі болып отыр.

"Finiko" компаниясы осы ойын платформасын пайдалану кезінде күніне 1-1,2% мөлшерлеме бойынша кіріс төлеуді уәде етеді. Бұл халықтың теңгелік депозиттері бойынша орташа нарықтық мөлшерлемеден 43 есеге артық.

"Finiko" сонымен қатар тұтынушылық және ипотекалық несиелерді өтеуді ұсынады. Егер компания борыш сомасының 35%-ын салса, ол қатысушының кредиті бойынша бүкіл соманы төлеуге міндет алады. Осындай талаптар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ұсынылады: жарна мүлік құнының кемінде 35%-ін құрайды және 3-4 ай өткеннен кейін компания оны сатып алуға және қатысушының меншігіне беруге уәде береді»,-делінген тексерістің қорытындысында.

"Finikо" компаниясы банктерде арнайы есеп айырысу шоттарын пайдаланбайды. Алаяқтық операцияларды жүргізу үшін компания ақшаны тек қолма-қол қабылдайды. Сонымен бірге, Qiwi-кошелек, Яндех-ақша, Easy Pay, PayPal және т.б. сияқты интернет-төлемдер мен аударымдардың түрлі жүйесін пайдаланады. Сол себепті, қатысушылар салынған қаражаттың қайда бағытталғанын бақылай алмайды.

Қазіргі күні Ресей Федерациясының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша "Finiko" компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Компанияның келтірген жалпы шығыны көлемі 80 миллион рубльден асып отыр. 2019 жылғы тамыз - 2020 жылғы желтоқсан аралығында компания Татарстан мен Ресей Федерациясының аумағында алаяқтық әрекеттер жасағаны анықталды. Осыған байланысты Ресейдің орталық банкінің сайтында "Finiko" "қаржылық пирамидаға" тән белгілері бар компаниялар тізімінде тұр.

"Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Finiko» қызметін анық қаржылық пирамида мен қаржылық алаяқтықтың белгілеріне ие деп бағалайды. Берілген компания қаржылық ұйымдарға жатпайды, өйткені оның уәкілетті орган берген лицензиясы жоқ, тиісінше, ол халықтан ақша тарту, тартылған қаражатты сенімді басқару және инвестициялау бойынша қызмет атқаруға құқылы емес",- делінген ресми хабарламада.

Осыған байланысты агенттік Қазақстан азаматтарына "Finiko" компаниясына инвестиция жасау және онымен шарттық қатынастарды орнату, берілген компанияның шотына қаражат аудару немесе қолма-қол ақша беру қауіпті екенін хабаралайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921257-qazaqstandagy-tanymal-kompaniya-qarzy-piramidasy-bolyp-syqty/