Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев өмірбақи билік құру ұсынысына не деп жауап бергенін айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Elbay.kz

Өмір-бақи билік құру ұсынысына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев не деп жауап берді? Талайдың көкейінде жүрген өзекті сауалдар "Қазақ: Алтын адам тарихы" фильмінде қамтылған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сұхбат алушы Голливуд режиссері Оливер Стоун еліміздің тұңғыш президентімен сұхбаттаса отырып, қазақстандықтарды ғана емес, басқа ел азаматтарын да алаңдатып жүрген тақырыптардың бетін ашуға күш салыпты.

Сегіз сағаттық туындыны әзірлеуге екі жыл уақыт кеткен. Бірақ бюджет қаржысы жұмсалмаған.

Голливуд режиссері әлеуметтік жазбасында уәде еткендей, "Қазақ: Алтын адам тарихы" тележобасының премьерасына Нұр-Сұлтан қаласына өзі келді. Жобаның дайындығына екі жылдай уақыт кеткен. Оливер Стоун Қазақстанның тұңғыш президентінен сұхбат ала отырып, ел азаматтарын ғана емес, әлем саясаткерлерін де толғандырып жүрген мәселелердің бетін ашуға күш салған.

"Фильмді түсірмей тұрып, дайындық барысында Назарбаевқа кез келген сұрақты қоя алатыныма көз жеткіздім. Солайша сұхбатты мейлінше еркін жүргіздім. Ресей, Қытай, АҚШ мәселелерін талқыладық. Бұл тақырып әлемдік саясатта өте маңызды. Себебі, атап өткен алпауыт елдер арасында шиеленіс бар. Ал Қазақстан әлемдік деңгейдегі қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі алаңға айналды. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өтпеске болмайды", - деді режиссер Оливер Стоун.

Фильмде талайлар талқылап жүрген Қазақстандағы жеке басқа табыну мәселесі де, шексіз билік жайы да сөз болды. Тұңғыш Президенттің сөзінше, өз басы тек Назарбаев университетіне ғана есімін беруге келісімін берген. Оның өзі, үкіметтің білім беру саласына көңіл аударуына ықпал ету үшін ғана жасалған әрекет екенін атап өтті. Көшелер мен мектептерге және басқа да нысандарға Назарбаев есімінің берілмеуі оның билік еткен кезінде қатаң сақталыпты.

Ал өмір-бақи биліктен Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бас тартқан.   

"Мен мүлдем кеткім келді. Ал жанымдағылар елді өмірбақи билей беріңіз деп өтінді. Бірақ мен олардың ойымен келіспей, сайлау өткізейік дедім. Оның үстіне тек Қауіпсіздік кеңесінде, саяси партияда қалып, ел дамуына осылайша үлес қосуымды ұсындым. Міне, осы сөзіммен барлығы келісті. Қабылданған Конституция заңы бар, біздің Парламент бар. Міне, осыларға сүйене отырып өз міндетімді атқарамын. Ал қазір Қазақстанды жаңа президент басқырп отыр. Мен оның жұмысына араласпаймын", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

"Қазақ: Алтын адам тарихы" фильміне бюджеттен қаржы бөлінбеген.

Режиссер Игорь Лопатенок жұмыс барысында қанша жеке қаржысы жұмсалғанын айтудан бас тартты. Ал Оливер Стоун бұрынғы КСРО көлемін зерттей келе, Назарбаевты кейіпкер ретінде өзі таңдаған.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921321-nursultan-nazarbaev-omirbaqi-bilik-quru-usynysyna-ne-dep-zauap-bergenin-aitty/

pixel