Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша жымқыру анықталмаған": Біртановты басқа бап бойынша соттайтын болды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Фото: zakon.kz

Адвокат Дмитрий Куряченко Қаржы мониторингі агенттігінің экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дмитрий Куряченко тергеу аяқталғанын атап өтті. Оның үстіне, тергеу аяқталғанға дейін қылмыстық іс бес күн бұрын "ұрлықтан" "өкілеттігін теріс пайдалану" деп өзгертілген.

"2020 жылдың мамырында, яғни 14 ай бұрын денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына қатысты ақша жымқыру бойынша тергеу басталған еді. Ақыры ақша жымқыру анықталмады, оны қаржы мониторингі агенттігінің өзі мойындады. Бірақ Біртанов және біз, оның қорғаушылары қылмыс жасалмағанын, оның үстіне жымқыру әрекеті болмағанын үнемі айтып келеміз. Қаржы мониторингі агенттігі ақша жымқыру болды деп халықты алдап келді", – деп атап өтті адвокат.

Нәтижесінде, Куряченко Елжан Біртанов ұсталып, тергеу абақтысына қамалды деді.

"Сегіз ай бойы ол ақшаны жымқырғаны үшін үй қамағында отырды, ақырында ақша табылмады. Менің қорғаушым Біртанов өзіне тағылған айыптар бойынша өзінің кінәсін мойындамайды. Тергеу көптеген заң бұзушылықтармен және біржақты жүргізілді. Мұның бәрін сотта дәлелдейміз", – деп түйіндеді ол.

Еске салсақ, қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов 2020 жылғы маусымда санитарлық авиацияның әуе кемесін жеке мақсаттары үшін пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1921486-aqsa-zymqyru-anyqtalmagan-birtanovty-basqa-bap-boiynsa-sottaityn-boldy/

pixel