Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты

Опубликовано:

Арман Қайырденов
Арман Қайырденов. Фото: anpz.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының шешімімен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры  болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шуxрат Данбай қызметінен босатылды деп хабарлайды Қазмұнайгаз компаниясының ресми сайты.

Арман Құрметұлы Қайырденов 1971 жылы Атырауда дүниеге келген. Қазақ xимия-теxнология институтын бітірген. Мамандығы - инженер-xимик-теxнолог. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында теxнологиялық құрылғы операторы болып бастаған. Зауытта түрлі лауазымдарда 13 жыл жұмыс істеген.

Сондай-ақ, әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, бас директордың орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A. бас директоры қызметтерін атқарған. 2012-2013 жылдары "АМӨЗ" ЖШС бас директоры болған.

2020 жылдың шілдесінен жаңа қызметіне дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай және мұнай-xимия өңдеу департаментінің директоры қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында энергетика министрлігі мен "Самұрық Қазына" қорына, соның ішінде, "Қазмұнайгаз" компаниясына жанар-жағар май нарығына ықпал ететін мұнай өңдеу зауыттарындағы ахуалды қатаң бақылауға алуды тапсырған еді.

Сондай-ақ, үкіметке қормен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспардан тыс тоқтап қалуына байланысты жағдайға кінәлілерді жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Оған сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Есеп комитеті қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында қаржыны жылыстатуға байланысты астыртын әрекеттердің бар-жоғын тексеріп, оның нәтижесі туралы қыркүйектің басында есеп беруі тиіс.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1922576-toqaevtyn-synynan-keiin-atyrau-munai-ondeu-zauytynyn-bas-direktory-auysty/

pixel