Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысы бойынша ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері шықты

Опубликовано:

Сайлау
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

25 шілдеде Қызылорда облысындағы 40 округ бойынша ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне сайлау өтті.

Сайлау нәтижелері назарға ұсынылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, сайлау учаскелері бойынша 36071 азамат сайлаушылар тізіміне енгізіліп, оның 30149-ы (83,58%) дауыс беруге қатысқан.

Әкімге үміткерлер саны 122 адамды құрады. Нәтижесінде 40 округтің барлығында әкімдер сайланды.

Оның ішінде еліміздің партиялары ұсынған әкімдер саны келесідегідей:

  • Nur Otan партиясы - 30 адам;
  • «Ауыл» ХДПП - 2 адам;
  • ADAL ПП - 2 адам;
  • Қазақстан халық партиясы - 1 адам.

Ал өзін-өзі ұсынған әкімдер саны 5 адамды құрап отыр.

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, сайлау науқанының маңыздылығына баса назар аударған еді.

"Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік", – деген еді мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұратынына тоқталып, бұл саяси шара, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, президент 23 шілде күні қазақстандықтарды ауыл әкімдерін сайлауға белсене қатысуға шақырып, жазба жариялаған еді.

"25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек", - деп жазған болатын Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1924012-qyzylorda-oblysy-boiynsa-auyl-kent-auyldyq-okrug-akimderin-sailau-natizeleri-syqty/

pixel