Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қазақстандықтарды ауыл әкімдерін сайлауға қатысуға шақырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жексенбіде өтетін ауыл әкімдерінің сайлауы туралы еске салды. Сондай-ақ ол азаматтарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Мемлекет басшысы бұл туралы өзінің ресми Twitter парақшасында жазды.

"25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін президенттің көмекшісі Ерлан Қарин 700-ден астам ауыл әкімі 25 шілдеде сайлауға түсетінін хабарлаған болатын.

"Президент бастамашы болған саяси реформалардың екінші және үшінші пакетін іс жүзінде жүзеге асыру басталды. Еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлаланады деп күтілуде. Ауылдық округтердің қалған әкімдерін сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өтеді", - деп жазды Ерлан Қарин.

Қарин алдағы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы - бұл саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1923589-toqaev-qazaqstandyqtardy-auyl-akimderin-sailauga-qatysuga-saqyrdy/

pixel