Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді

Жарияланған күні:

Кадр
Видеодан кадр: taunews.kz

Елорда маңындағы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев арнайы жарлыққа қол қойды деп хабарлады Ақорда.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

  1. Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  4.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", делінген құжат мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1924104-elorda-manyndagy-qossy-auylyna-qala-martebesi-berildi/