RU

Солтүстік Қазақстан облысында әкімге айыппұл салынды

Ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ЖШС жер комисиясының іс-әрекетіне қатысты әкімшілік іс бойынша алдын ала тыңдауда аудан әкіміне және мемлекеттік орган басшысының міндетін уақытша атқарушы тұлғаға ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ресми сайтында жарияланды.

Ақшалай өндіріп алуды қолдануға сотқа талап бойынша жазбаша қарсылықтың және уақытша өтеулі жерді пайдалануға (жалдауға) құқық беру бойынша конкурстың материалдарын ұсынбау негіз болды.

Аудан әкіміне ақшалай өндіріп алуды қолдануда сот Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әкім әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде басшылық және бақылау жүргізетін лауазымды тұлға болып табылатындығын ескерді.

Мемлекеттік орган басшысының міндетін уақытша атқарушы тұлғаға сотпен оның мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді тікелей орындау жүктелгендігі назарға алынды.

2021 жылдың 28 шілдедегі сот ұйғарымымен лауазымды тұлғалардың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданылды.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысының полицейлері әлеуметтік желіде материалдық пайда табу мақсатында парақша ашқан 1995 жылы туған азаматшаны анықтаған болатын.

Ол парақшаға әйелдер киімін жарнамалап, сатылатыны туралы жалған хабарландыру берген. Жас қыз қолында тауары болмаса да, тапсырысты орындау үшін алдында ала ақысын алып, тауарды клиенттерге курьерлік қызмет арқылы жеткізіп беруге уәде еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1925095-soltustik-qazaqstan-oblysynda-akimge-aiyppul-salyndy/