Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоқ тауарды сатқан": Instagram-да алаяқтық жасаған қыз 3,6 жылға сотталды

Опубликовано:

киім
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі онлайн-брифингте Жамбыл облысында жалған хабарландырулар беріп, 2 млн теңге тапқан алаяқ туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облысының полицейлері әлеуметтік желіде материалдық пайда табу мақсатында "Showroom__ss" деп аталатын парақша ашқан 1995 жылы туған азаматшаны анықтаған.

Ол парақшаға әйелдер киімін жарнамалап, сатылатыны туралы жалған хабарландыру берген.

Жас қыз қолында тауары болмаса да, тапсырысты орындау үшін алдында ала ақысын алып, тауарды клиенттерге курьерлік қызмет арқылы жеткізіп беруге уәде еткен.

Курьерлік қызметтердің тауарды кемінде бір апта ішінде жеткізіп беретінін ескерген ол қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, дәл осындай әдіспен басқа да адамдарды алдаған.

"Нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекетінен 40 азамат зардап шекті. Оларға жалпы сомасы 2 млн теңге материалдық шығын келді. Бүгінде қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімімен азаматша К. 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады министрлік өкілдері брифингте.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласында "мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін" деп жергілікті тұрғынды алдап соққан алаяқ ұсталғанын жазған едік.

Жергілікті тұрғын полицияға арызданып, белгісіз тұлға сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп алдап, 600 000 теңге қаражатын иемденіп кеткенінін айтқан.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, қолға түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925069-zoq-tauardy-satqan-instagram-da-alayaqtyq-zasagan-qyz-36-zylga-sottaldy/

pixel