Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкекте Ауғанстаннан келген босқындар наразылық білдірді

Жарияланған күні:

10
Фото: 24.kg

Қырғызстан астанасындағы БҰҰ ғимаратының алдында Ауғанстаннан келген босқындар наразылық білдірді. Олар мемлекеттен өздеріне ресми мәртебе беруді немесе басқа елге жіберуді талап етті.

24.kg басылымының дерегінше, наразылық білдірушер - Қырғызстанда бірнеше жыл тұратын босқындар.

Олардың бірі Али Сарвар Мұхаммад Набидің айтуынша, Ауғанстан азаматтары Қырғызстанда 18-20 жылдан бері тұрады, алайда оларға сол бойы құжат берілмеген. Сол себепті де олар көмек сұрауды жөн көрген.

"Біз мұнда босқындар мандаты бойынша өмір сүреміз. Бұл құжатпен жұмысқа кіру өте қиын. Бізге Қырғызстан азаматтығын бергенін немесе Канада, АҚШ сынды елдерге жібергенін қалаймыз. Өкінішке қарай, бізге БҰҰ-дан ешкім байланысқа шықпады, жедел желі бойынша да сұрағымызға жауап бере алмады", - дейді Мұхаммад Наби.

1
Фото: 24.kg

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәліптер Кабулға кіргеннен кейін ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды.

Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған. Сондай-ақ, Гани енді ауған халқының "өмірі мен мүлкі" үшін тәліптер жауап беретінін атап өтті.

Ал елдің вице-президенті Амрулла Салех елде қалғанын мәлімдеді. Twitter-дегі парақшасында ол ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін жазды.

Сонымен бірге, Амрулла Салех өзін елдің уақытша басшысы деп жариялап, тәлібтерге қарсы тұруға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927738-biskekte-auganstannan-kelgen-bosqyndar-mitingke-syqty/