Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанның вице-президенті өзін елдің уақытша басшысы деп жариялап, тәліптермен күресуге шақырды

Опубликовано:

Ауғаныстан
Амрулла Салех. Фото: "РИА Новости"

Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех президент жоқ кезде уақытша мемлекет басшысы қызметін атқаратынын мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.

"Ауғанстанның Конституциясына сәйкес, президент қайтыс болған кезде, отставкаға берген кезде, қашып кеткен кезде уақытша президент болып елдің бірінші вице-министрі тағайындалады. Қазір мен өз елімдемін және заңды түрде уақытша президенті болып саналамын. Қолдау мен келісімге ие болу үшін лидерлердің бәрімен байланысып жатырмын", - деп жазды Салех парақшасында.

Сонымен бірге, ол өз отандастарын "Талибанға" қарсы тұруға шақырды.

"АҚШ пен Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына қарағанда біз рухымызды түсірмедік және алда бізді үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Пайдасы жоқ ескертулер аяқталды. Тойтарыс беру үшін бірігіңіздер", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәліптер Кабулға кіргеннен кейін ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті. Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды.

Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған. Сондай-ақ, Гани енді ауған халқының "өмірі мен мүлкі" үшін тәліптер жауап беретінін атап өтті.

Ал елдің вице-президенті Амрулла Салех елде қалғанын мәлімдеді. Twitter-дегі парақшасында ол ешқашан "Талибан" содырларының алдында бас имейтінін жазды.

Сонымен бірге, желіде қолдарына қару ұстаған "Талибан" қозғалысы (Қазақстан, Ресей және басқа да бірқатар елдерде лаңкестік ұйым деп танылған) мүшелерінің ойын-сауық саябағында көңіл көтеріп жүрген видеосы тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1927664-auganstannyn-vice-prezidenti-ozin-eldin-uaqytsa-bassysy-dep-zariyalap-talibterge-qarsy-kuresuge-saqyrdy/

pixel