Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстаннан қашып кеткен экс-президент Гани ауған халқына үндеу жасады (видео)

Жарияланған күні:

Ашраф Гани
Ашраф Гани. Фото: facebook.com/ashrafghani.af

Ауғанстан тәліптер қолына өткеннен кейін елден қашып кеткен бұрынғы президент Ашраф Гани халыққа видеоүндеу жасады.

РБК басылымының Тelegram каналының хабарлауынша, Ашраф Гани өзінің үндеуінде елден қантөгіс пен апаттың алдын алу үшін кеткенін айтқан.

Гани өзінің Біріккен Араб Әмірлігінде екені туралы БАҚ беттерінде пайда болған ақпаратты растады. Бұған дейін саясаткердің Абу-Дабиде екені хабарланған еді.

Одан бөлек, Ашраф Гани өзімен бірге аса ірі мөлшерде ақша әкетті деген ақпараттың негізсіз екенін айтты. Ал бұл туралы Ауғанстандағы Ресей елшілігі мәлімдеген болатын.

РИА Новостидің Telegram каналының хабарлауынша, Гани алдағы уақытта Ауғанстанға келетінін айтқан.

Айта кетейік, 15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927865-auganstannan-qasyp-ketken-eks-prezident-gani-augan-xalqyna-undeu-zasady-video/