Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей елшілігі: Ауғанстан президенті Кабулден ішінде ақша толы төрт көлікпен қашты

Опубликовано:

Ашраф Гани
Фото: © Sputnik / Алексей Витвицкий

Кабулдегі Ресей Федерациясының елшілігі Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани елден іші ақшаға толы көліктермен кеткенін айтты деп хабарлайды РИА Новости.

"Режимнің құлдырауына келсек, Ганидің Ауғанстаннан қалай қашып кеткені сипатталуда: төрт көлік ақшаға лық толы болған. Ақшаның қалған бөлігін тікұшаққа сыйдырмақ болды, бірақ бәрі сыймады. Ақшаның бір бөлігі ұшу-қону жолағында қалып қойды", - дейді Кабулдегі ресейлік елшіліктің баспасөз хатшысы Никита Ищенко.

Еске сала кетсек, күні кеше тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Сондай-ақ Ашраф Ганидің Тәжікстанға да, Өзбекстанға да, Қазақстанға да келмегені белгілі болды.

Ал Кабул әуежайында дүрбелең басталып, мыңдаған адам ауған астанасынан қашуға тырысты. Тіпті, Ауғанстаннан бас сауғалауға тырысқандар АҚШ әскерилері мінген ұшақтың шассиіне жармасып, әуе кемесі көкке көтерілген кезде жерге құлап түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927437-resei-elsiligi-auganstan-prezidenti-kabulden-isinde-aqsa-toly-tort-kolikpen-qasty/

pixel