Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Гани жасырынуы мүмкін елді анықтады

Опубликовано:

Ашраф Гани
Ашраф Гани. Фото: Andrew Burton/Getty Images

Тәліптер билікке келгеннен кейін елден қашып кеткен Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани Біріккен Араб Әмірлігінде болуы мүмкін.

Мұндай мәліметті Kabul News басылымы өзінің Twitter парақшасында жариялады деп хабарлайды Life.ru.

БАҚ мәліметінше, қазір Гани Абу-Дабиде.

Еске сала кетсек, 15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы - Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер басталды. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Сондай-ақ Ашраф Ганидің Тәжікстанға да, Өзбекстанға да, Қазақстанға да келмегені белгілі болды.

Одан бөлек, Кабулдегі Ресей Федерациясының елшілігі Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Гани елден іші ақшаға толы көліктермен айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1927807-baq-auganstannyn-eks-prezidenti-asraf-gani-zasyrynuy-mumkin-eldi-anyqtady/

pixel