Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Тәліптер Қазақстанның Кабулдағы елшілігін күзетіп отыр

Опубликовано:

Ауғанстан
Көрнекі фото: HOSHANG HASHIMI/AFP via Getty Images

Еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Ақан Рахметуллин ОКҚ өткен онлайн-брифингте қазақстандық билік пен тәліптер арасында (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) байланыс бар ма деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақан Рахметуллиннің сөзінше, "Талибанның" Кабулда екенін мойындау керек.

"Бұл бүгінгі күннің шындығы. Бізге осы шындықпен жұмыс істеп, бұл елмен әрі қарай әріптестік жүргізуіміз керек. Байланыс дегенге келсек, нақты саяси не басқа деңгейде байланыс болған жоқ.

Біздің Кабулдағы елшіліктің ақпаратынша, тәліптер Кабулды алып, қалаға кірген кезде олардың бір бөлігі біздің елшілік орналасқан аумақты басып алған. Елші сыртқа шыққанда жергілікті күзет пен полиция болмаған.

Елші тәліптермен сөйлескен. Олар "Сіздер кімсіздер? Қандай елшілік?" деп сұраған. Елші бұл Қазақстан елшілігі екенін айтқан. Сол кезде олар "Ештеңеден қорықпаңыздар, жұмысты жалғастыра беріңіздер, сіздерді біз күзетеміз" деген. Содан бері олар біздің елшілікті күзетіп отыр. Әзірге тек осы деңгейде ғана байланыс болды", - деді Рахметуллин.

Еске сала кетсек, Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысына (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатысты еліміздің ұстанымы қандай екенін айтты.

Вице-министр Ақан Рахметуллиннің сөзінше, Қазақстан өзге елдер секілді әзірге Талибанды мойындамай, жағдайды бақылап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928182-sim-talipter-qazaqstannyn-kabuldagy-elsiligin-kuzetip-otyr/

pixel