Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі басталды
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кремльде Ресей басшысы Владимир Путинмен екіжақты кездесуі басталды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кремльде Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі басталды. Кездесу әлі жалғасуда", - деп жазды Уәли.
Еске сала кетсек, бүгін, 20 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баратыны белгілі болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1928279-qasym-zomart-toqaevtyn-vladimir-putinmen-kezdesui-bastaldy/