Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс экономикалық форумына қатысады
Опубликовано:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады.
Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы "Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері".
Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ", - деді Берік Уәли.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізгенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929609-qasym-zomart-toqaev-sygys-ekonomikalyq-forumyna-qatysady/