Ертең президент жолдауы телеарналар мен радиода трансляцияланады
Опубликовано:

1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы телеарналар мен радио арқылы трансляцияланады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Ведомство басшысының хабарлауынша, Қазақстан халқына жолдау трансляциясы ертең, 1 қыркүйекте сағат 11.00-де басталады.
Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысады. Ал тікелей трансляцияны қазақстандық телеарналар мен негізі радиостанцялар таратады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысатыны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1929637-erten-qasym-zomart-toqaevtyn-zoldauy-telearnalar-men-radioda-translyaciyalanady/