RU

Серікбай Трұмов сенат депутаты болып тағайындалды

Серікбай Трұмов2
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Трұмовты парламент сенатының депутаты лауамызына тағайындады деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды" делінген құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 7-қыркүйек күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылған еді.

Ал кеше осыған дейін энергетика министрі қызметін атқарған Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1931413-serikbai-trumov-parlament-senatynyn-deputaty-bolyp-tagaiyndaldy/