RU

"Ақ жол" партиясынан мәжіліс депутаты болған Ғани Хамзин ант берді

Ғани Хамзин
Ғани Хамзин. Кадр: мәжіліс отырысының онлайн көрсетілімінен

Мәжілістің жаңадан сайланған депутаты Ғани Хамзин төменгі палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғани Хамзин – "Ақ жол" фракциясының мүшесі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң сақтауға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін", – деді Хамзин.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Ғани Хамзинді барлық депутаттардың атынан құттықтап, депутаттық қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін жаңадан тағайындалған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев үкімет отырысында ант қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932128-gani-xamzin-aq-zol-partiyasynan-mazilistin-zana-deputaty-boldy/