Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға барды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Қазақстан Президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді", - деп хабарлады Уәли.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Тәжікстанда өтетін іс-шараларға қатысатынын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1932251-qasym-zomart-toqaev-tazikstanga-bardy/