Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен соғысты аяқтауға ерте екенін мәлімдеді

Опубликовано:

көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Егер АҚШ Пхеньянға қатысты "дұшпандық саясатынан" бас тартпаса, онда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяның 1950-1953 жылдардағы Корея соғысын ресми түрде аяқтау туралы ұсынысын қабылдамайды деп жазады Kyodo News.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин сейсенбіде БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде екі Корея соғысты ресми түрде тоқтатуы керек деп мәлімдеді. Ол АҚШ пен Солтүстік Кореяны келіссөздерге шақырды.

"Біздің көз алдымыздағы шындық соғыстың аяқталуы туралы декларацияны қабылдау әлі ерте ме деген мәселе туындатады", - деп келтіреді РИА Новости КХДР сыртқы істер министрінің орынбасары Ли Тхэ Сонның сөзін.

Қытай мен Кеңес Одағының қолдауын алған Солтүстік Корея АҚШ бастаған БҰҰ күштері қолдаған Оңтүстік Кореяға қарсы күресті. Соғыс бейбіт келісіммен емес, атысты тоқтатумен аяқталған еді.

Еске сала кетсек, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын партиялық ұйымдар қатал "Қиын жорық" жолына түсуі керек деген еді. Аталған саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен аштық кезінде байқалды.

БАҚ-тың мәліметінше, бұл қадам адамдардың өмірін жеңілдету және оларға материалдық және мәдени игіліктер беру үшін жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933748-soltustik-koreya-ontustik-koreyamen-sogysty-ayaqtauga-erte-ekenin-malimdedi/

pixel