Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ким Чен Ын Солтүстік Корея 90-шы жылдардағы аштыққа жақындап келе жатқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Ким Чен Ын
Ким Чен Ын. Фото: Mikhail Svetlov/Getty Images

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын партиялық ұйымдар қатал "Қиын жорық" жолына түсуі керек деді. Аталған саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен аштық кезінде байқалды.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, бұл қадам адамдардың өмірін жеңілдету және оларға материалдық және мәдени игіліктер беру үшін жасалған.

Солтүстік Корея басшысының айтуынша, КХДР халқы ондаған жылдар бойы Кореяның Еңбек партиясына сеніп, партияның салған жолымен жүрген.

"Одан да қатал "Қиын жорық" бастайтын уақыт келді, оған партияның Орталық Комитетінен бастап барлық партия көшбасшылары қатысуы керек", – деп басылым Ким Чен Ынның сөзін келтіреді.

Ол сондай-ақ, Солтүстік Кореяның партиясы ешқашан сәттілікке үміттенбегенін және "үміт артатын" адамы жоқ екенін қосты. Тек Кореяның Жұмысшылар партиясы (КЖП) мүшелерінің өзіне ғана сенуге болады, деп сөзін аяқтады ол.

Еске салсақ, коронавирус пандемиясына байланысты шекара жабылып, әуе қатынасы тоқтағалы бері ресей елшілікке КХДР-дан елге жету мұң болған.

25 ақпанда ресейлік елшілік қызметкерлері отанына оралу үшін алдымен 32 сағат пойызбен, шекараға дейін жету үшін тағы екі сағат автобуспен қатынаған. Ал Ресей тарабына өту үшін тағы 1 шақырымнан аса жолды жаяу жүріп өтуге мәжбүр болған.

Олар жүктері мен балаларын темір жол бойымен жүретін арбаға (дрезинаға) отырғызған.

Ал арбаны Ресей тарабына дейін үшінші хатшы Владислав Сорокин итеріп барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1907145-kim-cen-yn-soltustik-koreya-90-sy-zyldardagy-astyqqa-zaqyndap-kele-zatqanyn-malimdedi/

pixel