Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талибан" әйелдерге денсаулық сақтау саласында жұмыс істеуге рұқсат берді

Опубликовано:

Тәлібтер
Фото: Haroon Sabawoon/Anadolu Agency via Getty Images

Ауғанстандағы жаңа үкімет жергілікті әйелдерге денсаулық сақтау саласында жұмыс істеуге рұқсат берді деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкарада Талибанмен өткен (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) келіссөздер барысында айтты.

"Біз тәліптерге бірнеше ұсыныс жасадық. Елде бейбітшілік болуы үшін халықтың барлық тобының қатысуымен инклюзивті үкімет жасау қажет. Олар әйелдерді қоғамдық өмірге, жұмысқа, бизнеске қосуды, қыздардың білім алуына ықпал етуді ұсынды. Бұл тек Батыс елдерінің қалауы ғана емес, мұсылман елдерінің тәжірибесі мен олардың үміттері. Бізге әйелдер қазірдің өзінде денсаулық сақтау саласына қайта оралғанын айтты", – деді Чавушоглу.

Еске салсақ, "Талибан" өкілдері Ауғанстан бойынша 20 қазанда Мәскеуде өтетін "мәскеу форматындағы" кездесуге қатысуға шақырылды.

Бұл ақпаратты Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігі Азияның екінші департаментінің директоры Замир Кабулов растады. Бірақ ол делегацияны нақты кім басқаратынын нақтылаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1937219-taliban-aielderge-densaulyq-saqtau-salasynda-zumys-isteuge-ruqsat-berdi/

pixel