Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

Билл Клинтон
Билл Клинтон. Фото: Caroline Brehman/CQ-Roll Call, Inc via Getty Images

АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтон ауруханаға түсті деп хабарлайды CNN.

75 жастағы Клинтон Калифорниядағы Ирвин университетінің медициналық орталығына жеткізілді. Оған коронавирусқа қатысы жоқ инфекция диагнозы қойылды. Клинтонның ресми өкілі Анхель Урена оның сауығып келе жатқанын және көңіл-күйі жақсы екенін мәлімдеді.

"Ол қарқынды терапия бөліміне бақылау үшін жатқызылды және оның тамырына антибиотиктер енгізілді. Ол ауруханада үздіксіз бақылауда жатыр", – деп UC Irvine медициналық орталығының төрағасы доктор Альпеш Амин мен Клинтонның жеке терапевті Лиза Бардак бейсенбі күні кешке бірлескен мәлімдемеде айтты.

Олар Клинтонның қарқынды терапия керек болғаны үшін емес, құпиялылық пен қауіпсіздік мақсатында реанимацияда жатқанын айтты.

Қазір экс-президенттің жағдайы әлдеқайда жақсы, ол отбасымен және қызметкерлерімен сөйлеседі.

"Екі күндік емдеуден кейін оның лейкоциттер санының азаю үрдісі бар, ағзасы антибиотиктерді жақсы қабылдай алады", – дейді дәрігерлер.

Бұрынғы президенттің дәрігерлері урологиялық инфекциялар қарт адамдарда жиі кездесетінін және оларды оңай емдеуге болатынын айтты. Клинтонға тамырға антибиотиктер жұмаға дейін салынады. Дәрігерлердің айтуынша, оның өмірлік көрсеткіштері тұрақты.

Билл Клинтон Америка Құрама Штаттарының 42-президенті болды, ол 1993-1997 және 1997-2001 жылдар аралығында екі рет қызмет етті. Президент болып сайланғанға дейін ол бес рет Арканзас губернаторы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1937238-aqs-tyn-buryngy-prezidenti-bill-klinton-auruxanaga-tusti/