Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімі Ғали Есқалиев жемқорлыққа байланысты WhatsApp нөмірін жария етті

Опубликовано:

Ғали Есқалиев
Фото: ult.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген Орал құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаевтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді. Өңір басшысы Facebook парақшасында мәлімдеме жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Телміріп тапқан теңгеден - тер төгіп тапқан теңге жұғымды" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, заңсыз және оңай ақша алған жемқор адам тауардың бағасы туралы ойланбай оны оңай жұмсай береді. Бұл нарықтағы инфляцияға әкеледі. Яғни, жемқорлықты бағаның өсуінің бір себебі ретінде қарастыруға болады.
Жақында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй салып жатқан кәсіпкерден қала әкімдігінің қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Құрылыс материалдары мен қызмет көрсету жұмыстарына баға өсіп жатқан жағдайда, біз адал жұмыс істейтін құрылыс компанияларымен бірге құрылыс нысандарын уақытында және сапалы аяқтау үшін қосымша қаражат іздеудеміз. Осындай жұмыстар атқарылып жатқанда мұндай жағдайлар тіркеліп отырса, қатаң шара қолдануды қажет етеді", - деді Есқалиев.

Осы ретте аймақ әкімі мемлекеттік жобалармен жұмыс істейтін азаматтарға ескерту жасады.

"Заңсыз ұсыныстарға беріліп, бопсалауға түспеңіз. Мен ешкімге заңсыз нұсқау бермеймін және оны орынбасарларым мен әкімдерден талап етемін.

Егер мұндай фактілер болса, менің жеке WhatsApp нөміріме +77017776037 "Сыбайлас жемқорлық" деп белгілеп хабарлауды өтінемін. Мен тергеу барысын және кінәлі тұлғалардың заң бойынша жауап бергенін қадағалайтын боламын!", - Ғали Есқалиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаевтың ұсталғанын жазған едік.

Ол 2020 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың 11 қазанына дейін сыбайласы арқылы ЖШС директорынан аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1937312-bqo-akimi-gali-esqaliev-zemqorlyqqa-bailanysty-whatsapp-nomirin-zariya-etti/

pixel