Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 2022 жылға ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Президент "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысы "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Заңға сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 46 302 теңге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ, өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 063 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері – 36 018 теңге болады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы биылғы жолдауында ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 мың теңге өсіруді тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1945016-toqaev-2022-zylga-en-tomengi-zalaqy-men-aek-molserin-bekitti/

pixel