Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады: Премьер-министр тиісті қаулыға қол қойды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Ono Kosuki/pexels.com

Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік органдардағы штат санын қысқарту туралы қаулыға қол қойды. Құжат "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Қаулыға сәйкес, елімізде жергілікті атқарушы органдар, министрліктер және басқа да орталық атқарушы органдардың штат санының лимиті өзгертіледі.

Сонымен бірге облыс, қала және аудан әкімдері орынбасарларының шекті саны қысқарады.

Қаулыда орталық және жергілікті атқарушы органдарға құжаттың қосымшасында көрсетілген лимитке сәйкес штат санын қысқарту бойынша жұмыстарды жүргізу тапсырылған. Дегенмен, қосымшада "қызмет бабында пайдалану үшін" деген грифі бар.

Одан бөлек, құжатта мемлекеттік органдардағы штат санын қысқарту бойынша жұмыс 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілетіні көрсетілген.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен мемлекеттік орган штатын қысқартуды тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1948153-elimizde-memlekettik-qyzmetkerler-sany-qysqarady-tiisti-qaulyga-qol-qoiyldy/

pixel