Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент мемлекеттік аппаратты 25 пайызға азайтуды тапсырды

Жарияланған күні:

Шенеунік
Көрнекі фото: optimism.kz

Мемлекет басшысы Парламенттің алтыншы ашық сессиясында шенеуніктер санын қысқартуды тапсырды. Бұл квазимемлекеттіксекторға да қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қалыпқа келтіру қажеттілігін атап өтті. Ол коронавирус пандемиясы мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын дәлелдегенін және бұл жүзеге асуы тиіс екенін айтты.

Осыған байланысты, мемлекет басшысы квазимемлекеттіксектор қызметкерлері мен мемлекеттік орган штатын қысқартуды тапсырды.

"Бұл жылы 10 пайызға, келесі жылы 15 пайызға қысқартуды тапсырамын",- деді президент.

Оның сөзінше, үнемделген қаражат есебі арқылы басқа мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артады.

Тағы бір жаңа ереже министрліктің жауапты хатшылары қызметіне байланысты болмақ. Ал нақтырақ айтсақ, Тоқаев жауапты хатшылар институтын таратуды тапсырды (бұл қызметті бірнеше жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев министрлерді ауыстыру кезінде министрліктің қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету үшін енгізген – ескерту. ред).

Мемлекет басшысы өз шешімін жауапты хатшы мен мемлекеттік органның бірінші басшысы арасында түсініспеушілік жағдайлары жиі кездесетінімен түсіндірді.

"Сұраныс тек бір адамнан- министрден болуы керек",- деп түсіндірді Тоқаев.

Сондай-ақ, келесі жылдан бастап шенеуніктер қызметін бағалайтын факторлы-баллды шкала енгізілмек.

Айта кетейік, 2021 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871964-prezident-memlekettik-apparatty-25-pajyzga-azajtudy-tapsyrdy/