Тоқаев үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы лауазымына премьер-министр міндетін атқарушы Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі
Әлихан Смайылов 5 қаңтардан бастап премьер-министрдің міндетін атқарып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының бейнебайланыс арқылы парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатындығын хабарлаған болатын.
Одан бөлек, Берік Уәли жиында Қасым-Жомарт Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайтынын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950427-toqaev-ukimet-bassysy-lauazymyna-alixan-smaiylovtyn-kandidaturasyn-usyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.