Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды

Жарияланған күні:

Министр
Фото: inbusiness.kz

Болат Ақшолақов энергетика министрі қызметіне тағайындалды. Тиісті құжатқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындалсын", - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетейік, Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы экономист.

  • 1993 жылдан -" Аlem Bank Kazakhstan" филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі.
  • 1995 жылдан - Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкінің бағалы қағаздар бөлімінің, дилинг операциялары бөлімінің бастығы, активтерді басқару департаментінің директоры.
  • 1997 жылдан - "Қазақойл ҰМК" ЖАҚ ТШО департаментінің аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары
  • 2001 жылдан - Commonwealth and British Services Ltd. компаниясының бизнес-тапдампазы, стратегиялық жоспарлау менеджері, қаржы директоры.
  • 2003 жылдан - "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ БК үлес басқару жөніндегі атқарушы директоры.
  • 2006 жылдан - энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі.
  • 2008 жылдан - "Самұрық Қазына ҰӘҚ АҚ электрэнергетикалық және мұнайгаз активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2010-2011 PSA ЖШС бас директоры басқарма төрағасы.
  • 2011 "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы АҚ президенті.
  • 2012-2014 Қазақстан Республикасының мұнай және газ вице-министрі.
  • 2014-2016 "Almex Petrochemical" ЖШС Бас директоры.
  • 2016-2017 "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.
  • 2017-2019 Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі.
  • 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950609-bolat-aqsolaqov-energetika-ministri-qyzmetine-tagaiyndaldy/