АҚШ-тың Қазақстандағы террористік шабуылдарға қатысы бар екені рас па
Жарияланған күні:
Telegram мессенджерінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өткен жылдың желтоқсан айында елге террористік шабуыл жасалатыны туралы ескерткені, сондай-ақ былтыр қазан айынан бастап АҚШ азаматтарына Қазақстанға келмеуге кеңес бергені туралы хабарлама таратқаны жайлы жаңалықтар тарады. Кей пайдаланушылардың пікірінше, бұл АҚШ-тың қайғылы оқиғаларға қатысы бар екенін дәлелдейді. Алайда, бұл - жалған ақпарат, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Telegram хабарламасына өткен жылдың 16 желтоқсанында болуы мүмкін митингілер туралы жазылған скриншот тіркелген. АҚШ елшілігінің хабарлауынша, бұл мәтіннің қазіргі кезде Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға ешқандай қатысы жоқ.
"Тәуелсіздік күніне жоспарланған наразылықтар туралы ескертудің бұл мәтіні АҚШ Дипломатиялық миссиясының веб-сайтынан алынған және 2021 жылғы 16 желтоқсанында жарияланған, оның қазіргі толқуларға қатысы жоқ.
Біз Қазақстанмен қарым-қатынасымызды бағалаймыз және Қазақстандағы оқиғалардың өрбуін мұқият қадағалап отырмыз. Біз азаматтарға саяхат тәуекелдерін бағалауға көмектесу үшін әлемнің әр еліндегі қауіпсіздік пен қорғаныс туралы ақпарат ұсынамыз.
Мемлекеттік департамент АҚШ үкіметі қызметкерлерінің, олардың қарауындағы адамдар мен АҚШ азаматтарының денсаулығы, қауіпсіздігі мен қорғалуына басымдық береді. Саяхат туралы ескертулер мен хабарламалар АҚШ азаматтарына қауіпсіздік туралы соңғы ақпаратты білуге көмектеседі. Барлық ескертулер сайтта қолжетімді.
Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын үнемі қолдайды. Біздің 30 жылдық ынтымақтастығымыз Орталық Азиядағы қауіпсіздік, даму, өркендеу және негізгі бостандықтарға негізделген және алдағы жылдары біздің экономикалық байланыстарымыз, қауіпсіздік пен адамдар арасындағы қатынастар нығая түседі деп сенеміз.
Оқырмандарды жалған ақпарат пен болжамдарға сенбеуге шақырамыз. Анықтама үшін, біздің барлық "дабылды" хабарламаларымызды (Alerts) мына жерден оқуға болады", – делінген АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің баспасөз қызметінің жауабында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950672-aqs-tyn-qazaqstandagy-terroristik-sabuyldarga-qatysy-bar-ekeni-ras-pa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.