Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбілқасымова: ТЖ кезінде несие бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды

Жарияланған күні:

Көрнекі фото
Көрнекі фото : Pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымова 11 қаңтар күні Қазақстанда ТЖ кезінде зардап шеккендер үшін несиелерді төлеу мерзімі шегерілетіні туралы бұйрық қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тұрғындар мен бизнесті қолдау мақсатында биылғы жылдың 11 қаңтарында агенттік төтенше жағдай енгізу салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың несиелерін төлеу мерзімін кейінге шегерілетіні туралы бұйрық шығарды. Төтенше жағдай кезінде несиелерді төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда айыппұл мен өсімпұлдар салуға тыйым салынды. Сондай-ақ, кінәрат-қуыным жұмысы тоқтатылды", - деп мәлімдеді Әбілқасымова.

Сонымен бірге, агенттік президенттің бұйрығына сай қазақстандықтарға тұтынушылық несие беруді реттеу жөнінде шұғыл шараларды қолға алмақ.

"Жеке тұлғаларға тұтунышылық несие беру бойынша тәуекелдерді таразылау шараларын арттыру арқылы банктердің жеке капиталының жеткіліктілігіне қатысты талаптар артатын болады.

Қарыздың жүктеме коэффициентін есептеу қатаңдатылады, қарыз алушының тұрақты кірісі бар екеніне нақты дәлелі жоқ кірістері есептен алынып тасталады", - деп мәлім етті агенттік басшысы.

Банктер мен шағын қаржылық ұйымдарға қатысты тәуекелі жоғары несиелер бойынша қосымша шектеулер енгізу қарастырылатын болады.

"Нәтижесінде төлем төлеу қабілеттілігі жоқ қарыз алушыларға несие беруді шектеу үшін банктердің қауіп-қатер "тәбеті" төмендейтін болады", - деді ол.

Сонымен бірге агенттік шекті мөлшерлерді төмендету және несие бойынша тиімді сыйақы ставкаларды, кез келген комиссия және несие төлемдерін есепке қосу арқылы жеке тұлғалардың несиелері бойынша пайыздық ставкаларды реттеуді қатаңдатады.

Әбілқасымованың айтуынша, бұл тұрғындардың қайта берілетін несиелер бойынша қарыздық жүктемесінің өсуін азайтуға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950730-abilqasymova-tz-kezinde-nesie-boiynsa-aiyppuldar-men-osimpuldar-salynbaidy/