Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әскери жолдан өтті": Мемлекет басшысы жаңа қорғаныс министрі туралы айтты

Опубликовано:

Руслан Жақсылықов
Фото: ru.sputnik.kz

Қазақстан президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған министр Руслан Жақсылықовты таныстырды деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрдің кадрлық әскери қызметкер екенін, арнайы білімді Алматы Жоғары жалпыәскери командалық училищесінде оқығанын, кейін М.В. Фрунзе атындағы академияда және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясында білімін жалғастырғанын атап өтті.

"Оның тәжірибесі мол. Ішкі әскерде 30 жылдан астам қызмет етті. Ол қатардағы жауынгерден бастап, әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына дейінгі әскери жолдан өтті", – деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін президент жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951993-askeri-zoldan-otti-memleket-bassysy-zana-qorganys-ministri-turaly-aitty/

pixel