Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Президент өкімімен Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, президент өкімімен Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетсек, полиция генерал-майоры Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген.
1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары ШҚО-да ішкі істер саласында басшылық қызметте болған, одан бөлек, Өскемен қаласы ІІБ-нің бастығы, Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, ІІМ "Р" департаментінің бастығы, көліктегі ІІД бастығы және Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы сынды лауазымды қызметтер атқарған.
2019 жылдан жаңа қызметіне дейін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953122-erzan-sadenov-iski-ister-ministrinin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.