Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Өткен заманды жоққа шығаратын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс съезінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы еңбегі зор екенін атап өтті. Оның сөйлеген сөзі Ақорданың Twitter парақшасында жарияланды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Елбасы мемлекетті аяқтан тік тұрғызуға қосқан үлесі өлшеусіз.

"90-жылдардың басында танымал саясаткерлер мен саясаттанушылар Қазақстан шекарасының демографиялық ерекшеліктері мен реттелмеуі салдарынан еліміздің аяқтан тік тұруына күмән келтірген кезде Н.Назарбаев ең ауыр тарихи кезеңде өзіне аса күрделі - мемлекетті құру міндетін алды", - деді Тоқаев.

Ол Назарбаевтың ел шекараларын бекітудегі еңбегін еске салды.

"90-жылдардың орта тұсында шекараларды заңды түрде рәсімдеу жөніндегі жұмыс басталып, бұл жұмыстар нәтижеінде шекара сызықтары межеленіп, бекітілді. Бұл жетістіктің еліміздің қауіпсіз түрде қызмет етуі үшін стратегиялық мәні үлкен еді. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оның геосаяси орнын нығайтуда астананы Сарыарқа орталығына көшірудің маңызы зор болды. Бұл шешімнің стратегиялық екені шетелде де, біздің елде де мойындалып отыр", - деп атап өтті президент.

Тоқаевтың айтуынша, Елбасының ядролық қаруға тыйым салуға қатысты атқарған еңбегі де аз емес. Бұл ретте ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін шетелдік сарапшылар да мойындайтынын тілге тиек етті.

"Әлемдік қоғамдастық оны ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшысы деп атайды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Орталық Азия өңірінде экономиканың барлық көрсеткіштері бойынша алдыңғы орындарға шыққанын ұмытпауымыз керек.

Тұңғыш президенттің тарихи еңбегін ұмытпайық. Түптің түбіне келгенде объективті әрі шынайы болған дұрыс. Өзінің өткенін қаралайтын халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр.

Кемшіліктер америкалық президенттерге де, қытай басшыларына да тән болған. Тіпті қазір елдің бәрі мақтап жүрген сингапурлық көшбасшы Ли Куан Юдің де кемшілігі бар. Сингапурдың да, Қытайдың да, АҚШ-тың да халқы мен билеуші топтары ақ қараны ажыратып, өз басшыларының артықшылығын кемшіліктерінен жоғары қоя білді. Жұмыс істемейтін адам ғана қателеспейтіні бұрыннан белгілі ғой.

Тұңғыш президенттің тарихи еңбектеріне дұрыс баға беріп, оның жеткен шүбәсіз жетістіктері мен артықшылықтарын бірінші орынға қояйықшы. Ал жіберіп алған қателіктерін еліміздің болашақ басшыларына ғибрат етіп қалдырайық", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953550-toqaev-otken-zamandy-zoqqa-sygaratyn-xalyqtyn-bolasagy-ekitalai-ari-bulyngyr/

pixel