Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nur Otan партиясының съезінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаевтың видеосы жарияланды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Видеодан кадр: Елбасының баспасөз қызметі

Бүгін, 28 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезіне қатысты. Елбасының баспасөз қызметі YouTube каналында оның сөйлеген сөзінің видеосын жариялады.

Нұрсұлтан Назарбаев съезд барысында Қасым-Жомарт Тоқаевты "Nur Otan" партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсынысын партияластары қолдайтынына сенім білдірді.

"Кейінгі бір жарым жыл ішінде партия жүйелі түрде қайта жаңғырды. Оны толық басқаруды қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыру бұл процестің соңғы кезеңі деп санаймын. Партиядан президент сайлауына ұсынылған және қолдауына ие болған адам оны басқаруға тиіс. Бүгінде Қазақстан президентінің басшылығымен маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге асуда. Барлық қажетті ресурсы бар "Nur Otan" партиясы оларды орындау барысында  сенімді тірек болуы керек", – деді Елбасы.

Осылайша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан партия төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953588-nur-otan-partiyasynyn-sezinde-soz-soilegen-nursultan-nazarbaevtyn-videosy-zariyalandy/

pixel