Тоқаев "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
" Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан "Nur Otan" партиясының Төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953527-toqaev-nur-otan-partiyasynyn-toragasy-bolyp-sailandy/