Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың қаңтар оқиғасына қатысты берген сұхбатының толық видеосы жария етілді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Кадр: "Хабар 24"

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі YouTube платформасындағы ресми каналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатының толық видеосын жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұхбат "Хабар" және "Хабар 24" республикалық телеарналарда көрсетілген болатын. Оны отандық журналист Вера Захарчук жүргізді.

Әңгіме барысында мемлекет басшысы елімізде биыл қаңтардың басында болған тәртіпсіздіктер мен оған қатысты көптеген сауалға жауап берді. Ол көптің көкейінде жүрген мәселелерге пікір білдірді.

Оның ішінде, өзінің екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтіні, президент ретіндегі міндеті, "лаңкестердің Қазақстанға гастарбайтерлер ретінде келгені, Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы туралы өз ойын айтты. Одан бөлек, сұхбат кезінде президент елдегі саяси реформалар туралы сөз қозғап, Сағынтаевты қызметінен кетіру туралы талаптарға тоқталды. Сондай-ақ, Тоқаев "бәрін босатып, үкіметті қайта құру" мүмкіндігі бар-жоқтығына қатысты сауалға жауап берді.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953674-toqaevtyn-qantar-oqigasyna-qatysty-bergen-suxbatynyn-tolyq-videosy-zariya-etildi/

pixel