Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сағынтаев Алматы әкімі болып қала ма": Президент көптің көкейіндегі сауалға жауап берді

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі ретіндегі қызметін одан әрі жалғастыра ма" деген көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді. Ол бұл жөнінде "Хабар 24" арнасындағы эксклюзивті сұхбатында сөз етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент Алматы әкімінің отставкаға кетуін талап еткен петицияны көргенін жасырмады.

"Әкімге келетін болсақ, ол шынымен де өте қиын жағдайға тап болды, бәлкім өмірінде алғаш рет осындай жағдайды басынан өткерген болар. Бірақ мұндай жағдайда бәрі бірдей шешімін таба бермейді, сондықтан мен оны кінәламас едім.

Ол қызметтік міндетін атқару тұрғысынан өз ісіне адал адам, десе де мен алматылықтардың көңіл-күйін де ескеруім керек, сондықтан оны уақыты келгенде білесіздер", - дейді президент.

Еске салсақ, бұған дейін Қазнетте Алматы қаласының әкімі отставкаға кеткені туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда әкімдік бұл мәліметті теріске шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953658-sagyntaev-almaty-akimi-bolyp-qala-ma-prezident-koptin-kokeiindegi-saualga-zauap-berdi/

pixel