Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы өткенді сынамауға шақырды.

"Қанша дегенмен, бұл біздің тарихымыз. Бірақ менің президент ретіндегі міндетім – бүкіл қоғамды, саяси жүйені және табиғи экономиканы өзгертуде әлі де оң нәтижелерге қол жеткізу деп білемін.

Қазақстан халқына алғашқы жолдауымда-ақ саясат пен экономика қатар жүретінін айтқан болатынмын. Қазіргі тарихи кезеңде "экономикамен айналысамыз, ал саясат күте тұрады" деп айтуға болмайды. Саясаттың да экономикалық өзгерістерге серпін беретіні белгілі", - дейді президент.

Сондықтан қоғамның саяси трансформациясымен де, экономикалық өзгерістермен де бір уақытта айналысу қажет, деп қосты ол.

"Бұл менің міндетім. Қалай болғанда да, қанша уақыт Қазақстан президенті болатынымды білмеймін, бірақ нақты білерім, Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайды. Заңға, әсіресе Конституцияға (бұл тұрғыда - ред.) өзгеріс енгізілмейді", - деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1953662-toqaev-eki-merzimnen-artyq-prezidenttik-sailauga-tuspeitinin-malimdedi/

pixel