"Тұшымды нәтиже болмай отыр": Тоқаев "Самұрық-Қазына" қоры туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында "Самұрық-Қазына" қорына қатысты маңызды мәселелер 10 күннен кейін қайта талқыланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Самұрық-Қазына" қорына келер болсақ, біз реформаларды іске асыру жоспарын 10 күннен кейін қайта толығырақ талқылайтын боламыз. Реформаларды жүзеге асыруға қатысты жоспарлар өте маңызды.

Мәжіліс отырысында парламент алдында сөйлеген сөзімде мен қор құрылымын қайта құру қажеттілігіне назар аудардым. Мына жайттарға басты назар аударғым келеді: біріншіден, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы.

Менің бұл жөнінде айтып жүргеніме үшінші жылдың жүзі болды. Әзірге бұл тұрғыда ешқандай тұшымды нәтиже болмай отыр", - дейді президент үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, бұған дейін отандық бизнес өкілдерімен кездесуде мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалауды тапсырған болатын.

Сонымен бірге, "Самұрық-Қазына" қорының қызметкерлер саны 50 пайызға қысқаратыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1955130-tushhymdy-natize-bolmai-otyr-toqaev-samuryq-qazyna-qory-turaly-soz-qozgady/