Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Донбасста арнайы әскери операция басталатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Путиннің сөзінше, Украинаны оккупациялау Ресейдің жоспарында жоқ. Олар Украинаны қарусыздандыруға тырысуда.

"Жағдай бізден батыл әрі шұғыл әрекет етуді талап етіп отыр. Донбасс халық республикасы Ресейге көмек сұрап, жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ жарғысының 51-бабының 7-бөлігіне сәйкес, Федерация кеңесінің санкциясымен және Федералдық жиналыс ратификациялаған ДХР және ЛХР-мен достық және өзара көмек туралы шарттарды орындау мақсатында мен арнайы әскери операция жүргізу турал шешім қабылдадым", - дейді Ресей президенті.

Сонымен қатар, Путин үндеуінде Ресей өзге елдердің егемендігін құрметтейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей халқына орыс тілінде үндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957604-putin-donbassta-arnaiy-askeri-operaciya-zurgiziletinin-xabarlady/

pixel