Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналистер Киев пен Харьковте бірнеше жарылыс дауысын естігенін хабарлауда

Опубликовано:

Жарылыс
Видеодан кадр: t.me/shot_shot

Әртүрлі БАҚ өкілдері оның ішінде Украинаның, батыстың тілшілері Украинаның Киев, Краматорск, Одесса, Харьков пен Бердянск секілді қалаларынан жарылыс дауысын естігенін хабарлауда.

РИА Новостидің жазуынша, CNN тілшілері Харьков пен Киевте бірнеше жарылыс дауысы естілгенін хабарлаған.

Сонымен қатар, желіде Харьковта түсірілді делінген видеолар пайда болды.

Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, Киев пен Харьковтан бөлек, Краматорскте, Одессада, Бердянскте, сондай-ақ Киевтің Борисполь әуежайы ауданынан да жарылыс даусы естілген.

Борисполь әуежайы ауданындағы жарылыстар туралы ТАСС тілшілері де хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957622-zurnalister-kiev-pen-xarkovte-birnese-zarylys-bolganyn-malimdedi/

pixel