Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский кеңсесінің өкілі "Еуропада толыққанды ауқымды соғыс" басталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: president.gov.ua

Украина президенті Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк "Еуропада толыққанды ауқымды соғыс" басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды УНИАН.

Оның айтуынша, бүгінде Украина елдің қорғанысына барынша көңіл бөлуге және азаматтардың қалыпты өмірін сақтауға басымдық беріп отыр.

Подоляк қазір Украина әлем елдерінің қолдауына зәру екенін атап өтті.

"Батыс бүгіннен бастап әрекет етуі керек. Зеленский қазір серіктес елдердің басшыларымен үздіксіз байланыс жасап отыр",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957747-zelenskii-kensesinin-okili-europada-tolyqqandy-auqymdy-sogys-bastalganyn-malimdedi/

pixel