Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский кеңсесі: Украинаның 40-тан астам әскери қызметкері оққа ұшты

Опубликовано:

Сарбаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Украинада атыс салдарынан 40-тан астам әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды президент кеңсесі басшысының орынбасары Алексей Арестович.

Брифинг барысында Алексей Арестович Ресей әскерлері Қырым мойнағынан өткенін, қазір Харьков маңында шайқастар жүріп жатқанын және Украинаның 40-тан астам сарбазы қайтыс болғанын айтты.

Спикердің сөзін Страна.ua басылымы жариялады.

"Ресей әскерлері Қырым мойнағынан өтіп, Мелитополь мен Херсонға екі бағытта шабуыл жасады. Әскери күштер осы бағыттарда қорғанып, шабуылды тоқтатуға дайындалу. Харьков маңында қаладан солтүстікке қарай 4-5 шақырым жерде ұрыс жүріп жатыр.

Жаудың 4 танкісін тоқтаттық. Ресейдің 6 ұшағы атылды. Чернигов облысында олар 5-10 шақырым алға жылжыды, бірақ Киев сенімді қорғалған, оларды қатты шайқастар күтіп тұр. Украиналық 40-тан астам адам қаза тапты",- деді Арестович.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957752-zelenskii-kensesi-ukrainanyn-40-tan-astam-askeri-qyzmetkeri-oqqa-usty/

pixel