Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға келді

Опубликовано:

Михаил Мишустин
Михаил Мишустин. Фото: premier.gov.ru

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға келді. Ол ЕЭО аясында басқа елдердің басшыларымен бірге Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

Sputnik Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, ЕЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы 24-25 ақпанда өтеді. Онда Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан үкіметтерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияны тереңдету мәселесін талқылайды.

Мишустиннің Қазақстанға сапары Ресейдің Украинаға қарсы жариялаған әскери операциясы аясында өтіп жатқаны атап өтілген.

Еске сала кетсек, Донбасстағы әскери операция мен Ресейдің әрекетін Еуропа елдерінің басшылары айыптаған болатын.

Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға жаппай мобилизация туралы заң жобасын ұсынды. Одан сәл бұрын Ұлыбритания премьер-министрі Украинадағы жағдайға байланысты НАТО-ның шұғыл отырысын шақырды.

Сонымен қатар, Зеленский кеңсесінің өкілі "Еуропада толыққанды ауқымды соғыстың" басталғанын хабарлағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957771-resei-premer-ministri-mixail-misustin-qazaqstanga-keldi/

pixel